![EXPO-2017. Ашылу салтанаты 20:17-де басталады](/article_photo/1497032461_article_b.jpeg)
Салтанатты шара «Қазақстан» телеарнасында, Амфитеатр мен Конгресс-орталықта орналасқан экрандардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, көрме аумағындағы медиа орталықта жұмыс істеп жатқан журналистер көрме туралы ақпарат таратумен шұғылдануда.
«Астана ЭКСПО-2017» АҚ баспасөз қызметінің xабарлауынша, көрменің ашылу салтанатына 2 мыңнан астам журналист келген. Оның ішінде 1500 журналист Қазақстанның түкпір-түкпірінен келсе, 700-ге жуық шетелдік тілші аккредитациядан өткен екен.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»